Xiaomi Smart Band 8
Спорт пен стиль кездескенде
Металл ортаңғы жақтау
Алтын және қара графит түсте бар
Стильді баулар іріктемесі
Өзіңіңізге жарасатынын таңдаңыз
Жаңа кәсіби жүгіру режимі
Кәсіби жүгіру тәжірибесі
Жаңа және көңілді циферблаттар
Білегіңіздегі тынығу және ойын-сауық
Денсаулықты кешенді басқару
Денсаулық жөніндегі жеке кеңесшіңіз
Өміріңізді жеңілдетеді
Қосымша пайдалы функциялар
Қалыпты режимде 16 күнге дейін
AOD режимінде 6 күнге дейін
Талғампаз әрі стильді
Қарау және сезіну
Білегіңіздегі тегістік сезімі
Жоғарырақ жаңарту жиілігі көз тартарлық басқару және сырғыту қозғалыстары арқылы супер бірқалыпты тәжірибені қамтамасыз етеді. Қоршаған орта жарығына дәл бейімделетін қадамсыз автоматты жарықтықты реттеу. Білегіңізді көтерген сайын, жарықтық көздеріңізге қауіпсіз мінсіз деңгейге реттеледі.
*Xiaomi Smart Band 8 стандартты тіктөртбұрыштың ішінде орналасқан таблетка тәрізді дисплейге ие. Стандартты тіктөртбұрышпен өлшенген экран диагоналінің ұзындығы 1,62 дюймді құрайды.
1,62 дюйм
AMOLED
60 Гц
Жаңарту жиілігі
326
пиксел/дюйм
600
нит
Оңай ажыратылатын баулар
Тегіс текстуралы түбегейлі қайта өңделген дизайн
Xiaomi Smart Band 8 әртүрлі бау дизайндары мен материалдары арасында оңай ауыстыруға болатын, сондай-ақ бауды толықтай алып тастауға мүмкіндік беретін оңай ажыратылатын баулармен жаңартылды. Талғампаз корпуста стильді металл әрлеуі енді екі жаңа ортаңғы жақтау түстерінде қолжетімді: Шампан түстес алтын және қара графит.
Стильді баулар іріктемесі
Өз таңдауыңызды жасап, талғамыңызды көрсетіңіз
Оңай ажыратылатын баулар бау дизайндары мен материалдарының кең таңдауымен – тіпті алқаның жаңа дизайнымен өз стиліңізді білдірудің көптеген мүмкіндіктерін ұсынады.
*Стандартты түрде қара және ақ ТПУ баулармен жеткізіледі. Басқа баулар бөлек сатып алынады.
*Сатылуы ресми сайтта көрсетілген шығарылым күніне байланысты.
Былғары бау
Барлығына үйлесетін классикалық дизайн
Жұмсақтық пен жайлылықты қамтамасыз ететін жоғары сапалы импортталған бұзау терісі. Жасыл шақпақты өрнек – кез-келген жағдайда жарасымды классикалық және әмбебап дизайн.
Қосарлы оралатын бау
Батыл толық орау
Өз стиліңізді ерекшелеуді қалайсыз ба? Қосарлы оралатын баудан артық таңдау табылмас. Қара және ақ екі рет оралатын дизайн батыл тұлғаңызды тамаша көрсетеді. Ресми киім не күнделікті киім болсын, бұл баудың сырт бейнеңізді ерекшелейтіні анық.
*Егер екінші бау сағаттың астынан өтсе, бұл жүрек соғу жиілігі, қандағы оттегі деңгейі, ұйқы және PIN коды сияқты функциялардың дәлдігіне әсер етуі мүмкін.
Шынжырлы бау
Былғары мен металл
Стильді былғары мен металл үйлесімі металл сағатты сәнді шынжырлы білезікке ұқсатып, осы бауды шоу жұлдызына айналдырады. Бірегей шынжыр дизайны бауды жеңіл әрі ыңғайлы етсе, стильді көрінісінің арқасында сүйікті аксессуарыңызға айналатыны сөзсіз.
*Бос баулар денсаулық немесе жаттығу деректерінде ауытқуларға әкелуі мүмкін.
Өрме бау
Жазда салқын сезініңіз
Жеңіл, ауа өткізетін және минималистік өрме бау жазға таптырмас шешім. Ашық цитрус сары немесе салмақты зәйтүн түстес жасыл бауды таңдап, көпшілікпен үйлесуіңізге немесе одан ерекшеленуіңізге болады. Жоғары сапалы былғары мен тойтарма бөлшектері жазғы сәнді бейнеңізді толықтыра түседі.
Аспа
Стильді смарт аспа
Жаңа жылдам босатылатын механизм бауды жаңа деңгейге көтереді, ал аспа аксессуар үйлесімді талғампаз циферблат бауды «смарт» әшекейге айналдырумен қоса уақыт пен қадамдық функцияларды қамтамасыз етеді.
*Аспа аксессуарлар ритейлдік аксессуарлар болып табылады және бөлек сатып алынуы керек.
*Алқа тағу ерекшеліктеріне байланысты қадам есептегішінің дәлдігінде ауытқулар болуы мүмкін.
ТПУ материалынан жасалған бау
Спорттық таңдау
Жұмсақ, тегіс және су өткізбейтін бау — тамаша шешім. Терлесеңіз де, жүзсеңіз де жарқын түстер спорттық стиліңізге үйлесе кетеді.
*Стандартты түрде қара және ақ ТПУ баулармен жеткізіледі. Басқа баулар бөлек сатып алынады.
Ерекше стиліңізді білдіретін
жүздеген сәнді циферблаттар
Киіну үлгіңізге үнемі шабыт беретін әрқашан қосулы эксклюзивті дисплейі бар 200-ден астам жаңа сәнді сағат циферблаттары. Баулар мен аспа аксессуарлардың кең таңдауы, сондай-ақ әртүрлі ресми киіммен үйлесімді циферблаттар арасынан әрқашан стиліңізге сай ерекше комбинацияны таба аласыз.
*Mi Fitness қолданбасында бар циферблаттар негізінде.
Қалауыңызға сай фитнес
Қалауыңызға қарай
150-ден астам фитнес режимі
[Кәсіби жүгіру режиміне] ауысу
Сіз кәсіби жүгіру режиміне білезік немесе Mi fitness қолданбасы арқылы кіре аласыз.
Кәдімгі бауды алып тастап, жүгіру қысқышы қалыбына салыңыз және аяқ киім бауына қыстырыңыз.
Нақты уақыттағы бақылау, нақты уақыттағы реттеу
Mi Fitness қолданбасында жүруді, жүгіруді немесе велосипед тебуді бастаңыз. Жүгіру кезінде сіз қадам жиілігі мен ұзындығын, соққы күші мен стилін тексере аласыз, бұл нақты уақыт режимінде жүгіру техникасын оңай реттеуге мүмкіндік береді.
Егжей-тегжейлі жақсарту бойынша маман деректері
Жүгіру аяқталғанда қолданбадағы барлық маман деректерін, сондай-ақ одан әрі жақсартуға көмектесетін арнайы көрсеткіштер мен деректер түсіндірмелерін көре аласыз.
Жүгіру қысқышы
Кәсіби тәсілмен жүгіру
Кәсіби жүгіру режимі сізге кәсіби жүгіру тәжірибесін береді. Кәсіби жүгіру режимі 13 кәсіби статистикалық деректі, сондай-ақ деректердің кәсіби түсіндірілуін қамтамасыз ете алады. Біз сіздің тәжірибеңізді одан әрі жақсарту үшін арнайы аксессуарлар жасадық: Жүгіру қысқышы кез келген уақытта кәсіби жаттығулар үшін сағатты аяқ киім бауына оңай бекітуге мүмкіндік береді.
*Жүгіру қысқышы бөлек сатып алынады.
*Жүгіру қысқышын бекіту кезінде сағат дисплейі өзіңізге бағытталуы керек. Қате бағдар деректердің дәлдігіне кері әсер етеді.
Өмірлік күш көрсеткіші
Қазіргі физикалық күшіңізді бағалап, оны 7 күндік кезеңде орындаған орташа және белсенді әрекеттеріңізге негізделген өмірлік күш көрсеткішіне айналдырады*
Smart Companion интеллектуалды серіктес режимі
Серіктеспен жүгіруді қалайсыз ба? Smart Companion режимі нақты уақыттағы сіздің позицияңыз бен орнатылған қарқын арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
Білектегі жүгіру бағыттары
Жеке физикалық күйіңіз бен спорттық тәжірибеңізге сәйкес әртүрлі жаттығу қарқындылығы бар 10 орнатылған жүгіру бағытын таңдаңыз.
*Жаттығу бойынша ұсыныстарды ДДСҰ-ның Физикалық белсенділік және аз қозғалысты өмір салты бойынша нұсқаулығынан қараңыз: Ересектер денсаулығына айтарлықтай пайда келуі үшін кемінде 150–300 минут қарқындылығы орташа аэробты физикалық белсенділікпен; немесе кемінде 75–150 минут қарқындылығы жоғары аэробты физикалық белсенділікпен;
немесе апта ішінде орташа және жоғары қарқынды белсенділіктің баламалы үйлесімімен айналысуы керек.
Денсаулықты кешенді басқару
24 сағат бойы денсаулықты қорғау
Қандағы оттегі: Егер күні бойы қандағы оттегіні үздіксіз бақылау қосулы болса, сынақ әр 10 минут сайын тыныштық күйінде болғанда орындалады.*Жүрек соғу жиілігі: Егер интеллектуалды бақылау қосылса, белсенділік анықталған сайын бақылау жиілігі 1 минутқа дейін автоматты түрде артады.*Ұйқы: Ұйқыны бақылау үшін REM көздің жылдам қозғалысын бақылауын қолданбада немесе Xiaomi Smart Band 8 сағатында жоғары дәлдіктегі ұйқыны бақылау үшін қосу керек. 20 минуттан аспайтын ұйқы кезеңдері тіркелмейді.
Бонус: Жаңа және көңілді циферблаттар
Зерігумен күресу
Бұл кішкентай экран ғана деп ойламаңыз. Зеріккенде көңілді циферблаттарды таңдап, жалықтыратын сәттерден арылыңыз.
Бірнеше экранды ақылды қосылым
Қалқымалы терезелерді жылдам жұптастыру, хабар туралы ескертулер, мазаламау режимі және кесте сияқты смартфон параметрлерін сағатпен бірден синхрондауға болады.
*Қалқымалы терезелерді жылдам жұптастыру функциясы тек Xiaomi смартфондарының соңғы жаңартылған бағдарламалық құралы бар модельдерінде ғана жұмыс істейді; мазаламау режимін автоматты түрде синхрондау тек Android 11.0 немесе одан жоғарырақ нұсқаларда жұмыс істейді; кестені синхрондау тек MIUI смартфондары мен iOS Calendar қолданбасында жұмыс істейді; микробағдарлама мен бағдарламалық құралды соңғы нұсқаларына дейін жаңартуды ұмытпаңыз.
Жылдам зарядтау және өте ұзақ уақытқа жететін батарея заряды
Күні бойы көмектесуге дайын
Жылдам зарядтау жаңартуының арқасында Smart Band небәрі 1 сағатта толық зарядталады. Қалыпты режимде пайдаланғанда батарея қуаты 16 күнге жетеді, ал AOD режимінде сағат 6 күнге дейін жұмыс істей алады, яғни оны алаңдамай пайдалана бересіз.
16күн
6күн
Қалыпты пайдалану режимі*
AOD режимі*
5ATM* дейін жоғары суға төзімділік
Суға төзімділігі 5ATM* дейін, сондықтан оны суға түскенде шешудің қажеті жоқ. Алаңдамай сүңгіңіз.
Дабыл параметрлері
Ауа райы жаңартулары
Назар аудару
Оқиғалар туралы еске салғыштар
Ескертпе:
*Бұл өнім және оның функциялары медициналық құрылғы ретінде пайдалануға және ешқандай ауруды болжауға, диагностика жасауға, алдын алуға немесе емдеуге арналмаған.
*Xiaomi Smart Band 8 жинақта стандартты түрде қара және ақ ТПУ баулармен жеткізіледі. Басқа баулар бөлек сатып алынады.
*Дисплей деректері Xiaomi зертханасынан алынды.
*50 м суға төзімділік: 50 м тереңдіктегі суға төзімділігі ISO 22810:2010 стандартына негізделген және SGS-CSTC Standards Technical Services (Shanghai) Co., Ltd. зертханасында сыналған, Суға төзімділік есебінің нөмірлері: Xiaomi Smart Band 8: GZPL221201181601SC. Сағат 5АТМ (50 метр тереңдік) суға төзімділік көрсеткішіне ие. Оны бассейнде, жағалауда шомылу кезінде немесе таяз суда басқа әрекеттер кезінде тағуға болады. Дегенмен, оны ыстық душта, саунада немесе дайвинг кезінде қолдануға болмайды. Сонымен қатар су спортымен шұғылдану кезінде сағатты қатты ағынның тікелей әсерінен қорғаңыз. Суға төзімділік қасиеті мәңгі емес және уақыт өте келе нашарлауы мүмкін.
*SpO₂ функциясы қандай да бір ауруды диагностикалауға, алдын алуға, бақылауға немесе болжауға; физиологиялық процестерді зерттеуге; немесе кез келген басқа медициналық мақсатқа арналмаған. Барлық деректер мен бақылау тек жақсы күйде болғанда және жеке қалауы бойынша қолданылуы керек. Егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, кәсіби медициналық жабдықты пайдаланыңыз немесе дәрігерден кеңес алаңыз.
*Барлық суреттер, аудио немесе бейнелер өнімнің функционалдығын көрсету үшін ғана көрнекілік мақсаттарда қолданылған және өнімнің өзін толық көрсете алмайды.
*Авторлық құқық мерзімі аяқталса, арнайы IP сағат циферблаттары болашақта жойылуы мүмкін, олардың қолжетімділігін қараңыз.
* Xiaomi Smart Band 8 қалыпты пайдалану режимін сынау шарттары: Жоғары дәлдікте ұйқыны бақылау, ұйқы кезіндегі тыныс алу сапасын бақылау және күні бойы стресті бақылау функциялары өшірілген, толығымен зарядталған, зауыттық әдепкі параметрлер, статикалық дисплей. Әр 30 минут сайын жүрек соғу жиілігін бақылау және ескерту хабарлары (күніне 100 хабар, 10 қоңырау және 3 дабыл) іске қосылған; экранды қосу үші білек күніне 200 рет көтерілген; қолданба деректері күніне бір рет синхрондалады; қандағы оттегінің мөлшері күніне екі рет қолмен өлшенеді; және аптасына 60 минут бойы жаттығулар бақыланады.
*Xiaomi Smart Band 8 сағатында AOD режимін сынау жағдайлары: Толық зарядталған, зауыттық әдепкі параметрлер, статикалық дисплей және AOD функциясы қосылған, бірақ жоғары дәлдікте ұйқыны бақылау, ұйқы кезіндегі тыныс алу сапасын бақылау және күні бойы стресті бақылау функциялары өшірілген. Әр 30 минут сайын жүрек соғу жиілігін бақылау және ескерту хабарлары (күніне 100 хабар, 10 қоңырау және 3 дабыл) іске қосылған; қолданба деректері күніне бір рет синхрондалады; қандағы оттегінің мөлшері күніне екі рет қолмен өлшенеді; және аптасына 60 минут бойы жаттығулар бақыланады.
*Батареяның қызмет ету мерзімін тексерудің барлық деректері Xiaomi зертханасынан алынған. Нақты пайдалану кезінде батареяның қызмет ету мерзімі параметрлер, жұмысы және пайдалану шарттары сияқты әртүрлі факторларға байланысты және зертханалық деректерден өзгешеленуі мүмкін.
*Функциялар, соның ішінде және олармен шектелмей, хабарлар мен кіріс қоңыраулар туралы ескертулер Mi Fitness қолданбасының фондық режимде үздіксіз жұмыс істеуін талап етеді. Қосымша ақпарат алу үшін қолданбадағы параметрлерді қараңыз.